Саясат

Қазақстандағы украин диаспорасының Н.Назарбаевқа ашық хаты

Размер шрифта: Обычный
  • Обычный
  • Крупный
  • Огромный

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз, Тәуелсіз Қазақстанның қолданыстағы заңдарына сәйкес тіркелген украиндық    этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, осынау сын сағатта Өзіңізге қайырылуға мәжбүрміз.

Өз еңбек жолын Украинаның Днепродзержинск қаласында бастаған  Сізге, яғни, біздің Президентке, Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасына және пікіріне әлемдік қоғамдастық құлақ асатын көреген саясаткерге ашық хат жазуға мәжбүр болып отырмыз!

Елдегі қоғамдық-саяси жағдайды қалыпқа келтіру» деген сылтаумен РФ Президенті Владимир Путиннің Украина территориясында  әскери күш қолдану туралы 2014 жылдың 01 наурыз күнгі үндеуін РФ Федералды кеңесі бір ауыздан қолдады. Біз міне, соған қатты алаңдаулымыз.

Путиннің Үндеуін  Федералды кеңесі қолдағаннан екі күн бұрын айырма белгісі жоқ қаруланған әскери адамдар әскери техника қолдана отырып, Севастополь мен Симферополь әуежайын бақылауға алып, Украин шекарашыларының базасын қоршап, Қырымның жоғарғы кеңесі мен министрлер кеңесі ғимараттарын басып алды, Ресейдің туын көтерді.

Бәріміз азаматы болып табылатын Қазақстан Республикасының территориясында арам ниетпен өзге шет мемлекеттердің туы тігіліп тұруын көзге елестетудің өзі қиын. «Орыстілді тұрғындарды қорғау» делініп әдейі ойлап табылған сылтаумен РФ-ның Украина ісіне әскери күшпен араласуының күрделене  түсуі бізді қатты түршіктіріп тұр!

Сондықтан, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ресей әскерінің Украина территориясына басып кіру арқылы сол елдің территориялық тұтастығына қауіп төндіріп отырғандығын Қазақстан халқының атынан ашық көзқарас танытуыңызды сұраймыз!
Өз тарапымыздан РФ басшылығының егеменді һәм тәуелсіз көрші мемлекетке жасап отырған арандатушылық әрекеті халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу болып табылады деп есептейміз.

Сізге деген зор құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы Украиндық этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары

03 наурыз 2014 жыл

Abai.kz

10 комментарии 2184 просмотров Опубликовано: 13.03.14
    • #1
    • самат
    • сб, 22/03/2014 - 2:10

    Енді жаз не, жазба не?! Бас аман болсын!

    • #2
    • ППАРО
    • жб, 23/03/2014 - 23:56

    НӘН КАШАН ХАЛЫКПЕН АКЫЛДАСЫП ЕДІ ӨЗӘНІҢ ШӨПЖЕЛКЕ БАСЫ БАР ЕМЕСПЕ ЖАҒЫМПАЗДАРЫ БАР СОЛАР ЖЕТЕДІ ОҒАН,УКРАИНА ЕЛ ҒОИ НАМЫСТЫ БІЗ ОЛАРДАН ҮЛГІ АЛУЫМЫЗ КЕРЕК,КОИ СИАКТЫ МАНЫРАМАИ,ӘР ЖЕРДЕН,ШЫНЫНДА.

    • #3
    • жолаушы
    • дн, 05/05/2014 - 16:25

    Украйндар ер екен.

    • #4
    • АДАМГЕРШІЛІКПЕН Ғана ҰШТАСАДЫ ДА ТҰРАДЫ...!!!
    • сс, 29/12/2015 - 16:52

    Шынымен де Украиндар ер екен!! Соншама рет эволюциялық прогресстің өсіп дамуы үшін, өз елінің гүлденіп, адамгкершілікпен өркендеуі үшін, мөлдірлікпен,кей кезде тұманданған ,кей -кезде қызылды, жасылды қызылдысарылы революцияға шығып, өмірін дәлелдеп, төтеп беруде, менімше бұл өр мінезді халық сол прогресстің даму шыңына шыққанда ғана ол революциялық соғыстарын тоқтатуы мүмкін... Ал орыстар да өте күштілігі бар өр мінезділігі олардан да асып түсері бар - мінезділер!! Сондықтан да біздер олвармен де дос болып та өмір сүрдік.. Өткен күнге өкпе болмауы да тиіс Құдіретпен санассақ онда,бізге түскен жауапкершіліктерің салмақты болмасын десек бәріміз тек татуластырғанымыз жөн болар,ҚҰДІРЕТТің өмірін дұрыстықпен,адал болып- мойындамғанымыз дұрыс болар одан да!!! ЕКЕУІ де мақтауға тұрарлық СЛАВЯНДАР болғанынан!!! Түбі бір туысқандар арпалысқаннан кім ұтады дейсіздер, қайта шындық жеңсін,ШЫНДЫҚ ЖЕР БЕТІНДЕ ТЕК АДАМГЕРШІЛІКПЕН Ғана ҰШТАСАДЫ ДА ТҰРАДЫ...!!!

    • #5
    • Ануар
    • сн, 30/03/2016 - 16:38

    Әр ел, өз тәуелсіздігін қорғайды. Бізде сондай тәуелсіздігін алған жас мемлекеттердің біріміз, сондықтан орыс ағайындардың қоқан-лоқы көрсетіп тәуелсіз елдің жеріне баса көктеп кіріп басып алуы бәрімізді қатты алаңдатуда. Қырым Украйнамен біртұтас. Украйна халқына олармен бірге екендігімізді жеткіземіз. Бұл саудаға түспейтін жағдай.

    • #6

    • #7

    • #8

    • #9

    • #10

Пікір қосу

  • 5 + 29 =

Вход