Әлеумет

“Қазақстан” мен “Қазақ” арасындағы ойлар

Размер шрифта: Обычный
  • Обычный
  • Крупный
  • Огромный

Таяуда президент Нұрсултан Назарбаев мемлекетіміздің атауын “Қазақ Елі” деп өзгерту жайлы қоғамға ой тастағаны белгілі. Осынау маңызды бастамалар жоқтан-жоқ пайда бола салмайтынын ескерсек, елбасының бұл пікіріне де түрткі болған алғышарттар аз емес. Оның ішінде, әсіресе соңғы жылдарда, ұлттық сана-сезімнің өскені, республикада тұратын басқа ұлыстарды мемлекетқұраушы халықтың айналасында топтастыру, сол арқылы мемлекетіміздің біртұтастығын күшейту секілді өзектіліктерді атауға тұрарлық. 23-жылдық тәуелсіз тарихымызда елдегі қазақ халқының саны 42-ден 73-пайызға жеткендігі қайта бар. Қалай болғанда да аталмыш ұсыныс қалың бұқара ішінде зор серпіліс тапты, түрлі пікірлерді тудырды. Мемлекет атауын қазақиландыруға қатысты Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысын қазақ қоғамы толықтай қолдап шықты. Ал осындай қай жағынан орынды да заңды бастамаға бірқатар орыстілді азаматтар үзілді-кесілді қарсы тұрды, тіпті кейбіреулері қол жинауға кірісті. Әлгілердің пайымдауынша, “Қазақстан” ең лайықты атау және оны алмастыруыдың қажеті жоқ – өз алдына ойлантарлық жәйт.

Алайда, шындығына келгенде мемлекетіміздің қазіргі атауы халықаралық тәжиребеге сәйкес емес. Және мәселе Елбасы ұсынысына арқау болған Монғолиямен мүлдем шектелмейді.Әлемнің қай елін алып қарамайық, барлығының атауы мемлкетқұраушы ұлттың негізінде: Италия, Франция, Қытай, Жапония, Иран, Бразилия, т.б. Әлбетте, аталған елдерде байырғы халқымен қатар басқа ұлттың өкілдері тұратыны белгілі. Бірақ жергілікті заңдарды мойындау, тұрғылықты елдің мемлекеттік тілін меңгеру, мемлекетқұраушы халықтың тарихын, мәдениетін, ділін білу мен құрметтеу негізінде олар да тиісті елдердің толыққанды азаматтары, яғни француз, италиян, қытай, ирандық, бразилиялық болып саналады және өздерін солай сезінеді. Сәйкесінше бұндай ортақтастығы арқылы мемлекетшілдігін дәлелдейді. Демек, заң, тіл, мәдениет, басқа мемлкетқұраушылар тізімінде маңызды орынға сол мемлекет атауы да ие.

Осы тұста, байқасаңыздар, қазақпен, оның тілі мен дәстүрімен санаспайтындар, кезінде қонақ боп, не бас сауғалап келген елдің қожайынын менсінбейтіндер Қазақстан атауын өздігінше бұрмалауға дағдыланған. Мәселен, біз қазақ емеспіз, біз қазақстандықпыз деуі. Алайда, тарихта “қазақстандық” деген ұлт болмаған, болмайды да. Ол “Қазақ” атауына “стан” (жер, мекен деген мағына беретін) жалғауының қосылуы арқылы пайда болған түсінік қана. Басқаша айтқанда, “қазақстандық” дегеніміз “қазақ жерінікі” дегеннен еш айырмашылығы жоқ. Мәселен, жоғарыда айтылған Францияның азия не африка нәсілді азаматтары өздерін “француз жерінікіміз” десе, күлкілі емес пе? Онысына ешбір заңдық негіз де жоқ. Ендіге ретте атауында әлгі “стан” жалғауы бар бірлі-жарым елдерді қарастырып көрейік. Рас, Өзбекстан, Қырғызстан немесе Ауғаныстан осы елдердің ресми атаулары болып табылады, бірақ олардың азаматтарын кімде-кім өзбекстандық, қырғызстандық немесе ауғаныстандық деп атай ма? Әрине, жоқ. Олар тиісінше, өзбек, қырғыз, ауған саналады. Ендеше, ресми атауы “Қазақстан” болғанның өзінде, Қазақ мемлекетінде неліктен басқаша болу керек?

Әдетте “Қазақстан” атауын насихаттаушылардың ендігі дәйегі Америка тәжірибесі. Олардың түсінігі Америка — түрлі ұлттардың өкілдеріне ортақ ұғым, олай болса, бізге де осы жолмен неге жүрмеске — дегенге келіп саяды. Бірақ, бұл дәйектер ұлттық негізде құрылған әлем мемлекеттерінің 99 пайызына мүлде жат. Неліктен? Біріншіден, Америка – кезінде сырттан келген басқыншылар жергілікті тайпаларды түп тамырымен жойып, олардың сүйектерінің үстінде эмингранттар құрған бірегей мемлекет. Рас, Кеңес заманында келімсектер қазақтарды да миллиондап қырды. Бірақ қазақ сақталып қалды, оның соңынан туған жерге қожайын болатын ұрпақ өсті. Екіншіден, Америка деген ұлттың атауы емес, осы құрлықты зерттеген адамның есімі. Қадым заманнан келе жатқан Қазақ болса, “азат”, “еркін” деген мағынаны беретін жауынгер халықтың атауы. Үшіншіден, Америкадан не Ресейден ерекшелігі — Қазақ ешкімнің жерін жаулаған емес, басқа халықтарды қырып, құлға айналдырған жоқ, бірақ Ата-Бабадан мирас боп қалған топырақты қастерлеген, ақылдың күші мен найзаның ұшымен сақтай алған.

Елбасы ұсынысы төңірегінде енді қазақ қоғамында туындаған ой-пікрлерге ойыссақ. Бірқатар азаматтар, зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Әбішұлы жөн деп тапқан “Қазақ Елі” атауын мақұлдады. Расында да, мемлекет атауында қазақтың иісі бірден байқалуы тұрғысынан бұл ретте еш мін таға алмаспыз. Алайда, мемлекеттің аталуы мемлкетқұраушы ұлтпен қатар сол елдің саяси құрылымы мен даму жолы хақында да маңызды мағлұмат беретінін де назарда ұстаған абзал. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы дегенде бұл елдің құрылымы федерациялық, яғни оған енген мүшелердің өзіндік дербес лауазымдары барын меңзейтінін аңғарамыз. Марокко Патшалығы атауынан бұл мемлкеттің саяси құрылымы монархия екенін белеміз. Дәл сол сияқты Түркия Республикасы атауынан оның республикалық, яғни саяси құрылымы халықтық биліктегі мемлекет екенін көреміз. Бұл ретте сөз болып отырған “Қазақ елі” атауындағы “Елі” термині қазақтарға, жекелеген түркі тілдестерге түсінікті, бірақ әлемдегі басқа елдерге бейтаныс. Сондай-ақ, ол халықаралық қатынастарда ел атауларына қатысты қалыптасқан ережелерге сәйкес емес. Осыдан болар, басым көпшілік пікір білдірушілер Отанымыздың атауын өзгертер болсақ, ең лайығы – “Қазақ Республикасы” деуі.
Бұндағы қисын орынды, десе де оның өзі жоғарыда келтірілген саяси, заңдық, ұлттық не идеологиялық жақтарымен шектелмейді.Тарихқа үңілер болсақ, мемлекетіміздің XIV ғасырда құрылғаннан бергі атауы “Қазақ хандығы” болған. Сол кездегі Түрік, Ресей, Қытай, Парсы, Араб деректерінде бұл жағдай кеңінен тұжырымдалған. Тіпті кешегі озбыр Кеңес заманында 1924 жылдан бері біздің елдің ресми атауы “Қазақ Советтік Социалистік Республикасы” болған. Біз үшін бұндағы маңыздысы — еш өзгермеген және бұл кімнің жері, кімнің елі екенін анық нұсқайтын “Қазақ” атауы. Аталмыш атау ашаршылық құрсауынан, репрессиялардан, жаппай орыстандыру саясасатынан қазақтар өз елінде азшылыққа айналғанда да өзгерген емес. Олай болса, 1991 жылы еліміз Егемен болғанда осы киелі атаудан қалайша қол үзгеніміз және әлі күнге шейін сол ордан шыға алмай жатқанымыз қатты алаңдатады. Заман өте бұл жұмбақ та өз шешімін табар.

P.S.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанып халықаралық аренаға енді шыға бастағанда ел атауының ағылшынша үлгісі қандай болу керек тұрғысында сұрақ туындады. Қазақ, бірқатар басқа шығыс халықтарына тән “Қ” әрпі ағылшын тілінде міндетті түрде Q арқылы белгіленеді. Мәселен Құран – Quran немесе Қатар Мемлекеті — State of Qatar дегенде. Алайда 1991 жылы біздің шешім шығаратын орындар орыстарға бүйрегі бұрып тұрғанынан ба, әлде білімі жетпегеннен бе, белгісіз, еліміздің ресми атауы орыс тілінің дыбысталуындағы “Казахстан” дегеннен “Kazakhstan” деп бекітілмесі бар ма. Және осы қателік әлі күнге шейін сақталып келеді. 1994 жылы кеткен қатені жөндеп, “Қ” әрпінің дыбысталуына жақындатқысы келген шығар, одан әрі шатасып, “Kazakhstan” атауынан “h” әрпі алынып тасталды да мемлекетіміз әп-сәтте “Kazakstan” боп шыға келді. Арада алты жыл өткенде шенділердің бұл жасағанымыз қате бопты, бұрынғы үлгіге оралайық деуімен еліміз қайта “Kazakhstan” атанды. Екі ортада қаншама құжаттар өзгертілді, тақтайшалар, рәміздер, т.б. қайта жасалды, олардың бәріне қаншама шығын кетті! Ең сорақысы — өзгеріске келмейтін сол қателіктердің бірі әрбіріміздің төлқұжатымыз, яғни паспортымызға нұқсан келтірді. Нәтижесінде, қазір Қазақ азаматтарының жартсы паспорты бойынша “Kazakhstan” азаматы болса, екінші жартсы “Kazakstan” азаматы болып табылады. Күндердің бір күні халықаралық заңдарға сүйене отырып, бір елдің баласы осылайша бөлек елдің азаматтары боп танылмауына кім кепіл? Күлеміз бе әлде жылаймыз ба? Осы бассыздықтарға жауап берер шенділер табылар ма?

Расул Жұмалы

exclusive.kz

23 комментарии 7319 просмотров Опубликовано: 13.03.14
    • #1
    • Төребек
    • сн, 26/03/2014 - 8:53

    Қазақ Республикасы деп атаған тиімді сияқты. Өйткені халықаралық тұрғыдан алғанда да ауқымы кең болып көрінеді.

    • #2
    • жако
    • жм, 28/03/2014 - 22:12

    орыстардың шарусы қанша? Өзіміз шешемізғо-Қазақ елі жақсығо!!!

    • #3
    • муса руслан
    • сн, 02/04/2014 - 17:13

    Осыны жеке адамға қатысты қарастырайық бірінші. Адам 25-ке келгенде оның атын өзгертсе , оны болмыс бітімі өзгере ме екен. Алдымен затын өзгерту керек. 25-жылда. Конституцияның негізгі бабын тиімді орындалуын қамтамасыз ете алмаған , оған тіпті басын ауыртпағандардан қазақтың болашағына алаңдайды дегенге мен өзім сене алмаймын.

    • #4
    • тындаушы
    • сб, 26/04/2014 - 21:37

    Қазақ Елі жасасын!!! Мәңгілік жасасын!!! Қазақ Елі жасасын!!! Мәңгілік жасасын!!!

    • #5
    • Байулы
    • бн, 01/05/2014 - 12:44

    Менинше Елбасымыздын айтканына конип КАЗАК ели дегенимиз жон болар Елбасыны барша КАЗАК болып колдалык!

    • #6
    • А
    • бн, 15/05/2014 - 20:40

    енді қашан ауыстырады, әлде құр бос сөз бе күте күте шаршадық

    • #7
    • қазақ
    • дн, 30/06/2014 - 19:47

    Ауыстырса бірден қазаққа жұмақ орнай қалар еді, шіркін!

    • #8
    • Әлібек
    • жм, 11/07/2014 - 15:53

    "Қазақстан" деген сөз Қазақтардың отаны деген маған береді. Сонда бізге "қазақтардың елі" деген сөз дұрыс па, әлде "қазақтардың отаны" деген сөз дұрыс па? Ойланайық?

    • #9
    • Tohan
    • сс, 16/09/2014 - 7:37

    Respublik Qazaq

    • #10
    • Білмес
    • бн, 25/09/2014 - 22:28

    Қазақстан деген атау ұйқыларыңды бұзып жүр ме?Басқа мәселенің бәрі шешілген, жалақы көп, ел тоқ, бәрі салтанатты сарайда тұрады, бензин дегеннің өшіреті жоқ...О шіркін қысыр сөздеріңе болайын!

    • #11
    • dauren qazaq!
    • жм, 09/01/2015 - 12:06

    En aueli tolkujat beretin mekemege <ov> <ev> <vich> degen tegine tirkeletin tirkesterdi alyp tastauyn katan turde bekitu kerek! Jane jana tuylgan sabilerge aidaladagy jok esimderdi,qazaq ultyna esh katysy jok esimderdi koigyzbau kerek! Qazaq eli dep atasa durys! Kez kelgen mekeme,himarattardyn ishine, ukimettik shipajailarmen emhana, auruhanalardyn dalizderine<korridor> Qazaq elinin ulylarynyn ulagatty sozderin,beinelerin ulken ariptermen jazyp ilip koisyn jane ultymyzga sinirgen enbekterin korsetsin sol kezde ulttyk idealogiya,ulttyk namys oyanady! Jas balalardy kadagalau kerek, planshet,uyaly telefondardy galamtorga shygatyn shekteu kerek!!! Sonda Qazaq eli mykty ult bolady. Kishkenteidan bastau kerek aiga kol sozbai!

    • #12
    • Жас Қазақ
    • дн, 23/02/2015 - 21:13

    Қазақ десе де болады ғой.Бірақ атта тұрған ештеңе жоқ, мәселе қазақтың маңызында болып тұр.Біз маңызсыз ұлтқа,жағымпаз жұртқа айналып барамыз.Бос мақтанға марқаямыз.Мемлекеттің аты тұрмақ Павлодар мен Петропавлдың атын қазақша тарихи атына көшіріре алмай жүріп тұтас мемлекеттің атын өзгертем деу құр сөз.Әуелі тегіңдегі "ов"тан құтылып ал.

    • #13
    • Бір адам
    • сс, 24/02/2015 - 4:18

    Заманауи, әрі халықаралық дәстүрлерді есепке алсақ, Қазақ Республикасы деген дұрыс қой! Ресми атауға осы лайық, Елі дегенше...Тіпті, кеңес одағы кезінде де "Қазақ советтік социалистік республикасы" деп аталған.

    • #14
    • Руслан
    • сб, 07/03/2015 - 13:48

    Басқаларды білмеймін, маған өзіме Қазақ елі деген атау көбірек ұнайды. Елбасы да жайдан жай айтпайды ғой. Белгілі бір тарихи деректер мен қалыптасқан жағдай қалайда ескеріледі. Қазақ елі деп айта берсек, құлақ та үйреніп кетеді.

    • #15
    • Невроз казак
    • сс, 14/07/2015 - 21:47

    " казак ели" деген бэримизди кезекти рет бир алдап кою. Себеби, ондай атау вообще болмайды Гой , еки созден туратын!

    • #16
    • Невроз казак
    • сн, 15/07/2015 - 8:56

    " казак ели" деген бэримизди кезекти рет бир алдап кою. Себеби, ондай атау вообще болмайды Гой , еки созден туратын!

    • #17
    • Невроз казак
    • сн, 15/07/2015 - 8:56

    " казак ели" деген бэримизди кезекти рет бир алдап кою. Себеби, ондай атау вообще болмайды Гой , еки созден туратын!

    • #18
    • Дайкозиев Боходир
    • сб, 07/11/2015 - 10:28

    Менің ойымша, ''Қазақстан'' мемлекетінің атын өзгерту керек.Яғни, мен Нурсултан Назарбаевтың ойымен келесемін. Қазақстан 23 жылдың аралығында тәуелсіз ел болып келе жатыр. Азияда дамы маған елдерінің атында бірдей ''стан'' жалғауы. Мысалы, Өзбекистан, Туркменистан,Татарстан және т.б. Бірақ, Қазақстан олардың ішінде ең дамыған елі болып есептеледі. ''Қазақстан''-ды "Қазақ елі" атына өзгерту керек. Cебебі, басқа мемлекеттер мықты ел деп ойлауна ықтимал.

    • #19
    • orken
    • сб, 21/11/2015 - 14:37

    hazahstan hazahting otani,,boten ulttar bizding tildi soylep,bizding awendi jirlawi kerek

    • #20
    • Шынәділ Салтанат
    • бн, 04/02/2016 - 23:53

    Қазіргі әлем мелекеттері арасында саяси қақтығыс белең алып тұрған шақта "Қазақстанды" Қазақ Елі" деп өзгерту тиімді деп ойлаймын. Күні кеше ғана В.Путин: "Қазақ деген ел тарихта болмаған, олар тобыр",-деп ашық айтты. Қазақ дейтін ұлттың тарихты болып, "Қазақ хандығы" деген атаумен өз заманында талайлардың тізесін бүктіргенін білеміз. Тіптен, түбі бір түркілердің ортақ жәдігері саналатын "Орхон-Енисей жазба ескерткіштері" тасқа қашалған тарихи шындық! Біз ұлт ретінде өзге елге жаутаңдамай, қазақты әлемдік деңгейге көтереміз десек, ең бірінші көше атауларын, қала атауларын, қала берді мемлекет атауын да өзгертуге тиістіміз. Тіптен, қазіргі мектеп қабырғасы мен университет көлемінде де "Қазақстан тарихы" деген пән жүргізіледі? Неге жеті атаңнан қоныс теуіп келе жатқан мекеннің тарихын "Қазақ тарихы" деп бермеске? Бұл да ескеретін жайт.

    • #21
    • Оралбек Бекболат
    • сб, 30/04/2016 - 19:28

    "Қазақ елі" - осы дұрыс! Қырғыздар: "Мекеніме ант етемін" дейді. Қазақтар "Қазақстан Республикасына ант етемін" дейді". Бұл дұрыс емес. Басқа бір елге ант беріп тұрған секілді. "Отан" сөзі қазақ тілі емес, арабқа тән.

    • #22
    • Серікбайскас
    • сс, 10/05/2016 - 16:58

    Дұрысы, Қазақстан! Өйткені, әлемде жер көлемі жағынан 9-шы орын алатын үлкен территорияның атауын, өтпейтін газеттің атын өзгерткен сияқты өзгерту, жеңілтектік!

    • #23
    • Толеген
    • сс, 12/07/2016 - 10:08

    Петропавл, Павладар, Семей мен Оскеменнiн атын озертип алайык. Жер, су аттарын байыргы атымен атайык. Калганы бола жатар

Пікір қосу

  • 6 + 16 =

Вход