Әлеумет

Құл болғым келмейді!..

Размер шрифта: Обычный
  • Обычный
  • Крупный
  • Огромный

«Құл жасау технологиясы»

(Құл иленуші құрылыстың өміршеңдігі)

Менің мектептегі мұғалімдерім мықты болды. Әсіресе, тарих сабағы қызықты өтетін еді. Ежелгі дүние тарихының құл иленуші құрылыс туралы сабақтарының бірінде ұстазым Рахметов Хайретдин ағай айтқан мына сөздер жадымда жақсы сақталып қалды. Жұмыс жасауға көнген (оны қалай сындыратыны өз алдына бір бөлек әңгіме) құлды, мысалы, жүзім плантациясына алып барады. Сол алғашқы күні бір топ бақылаушы әлгі құлды ала таңнан қара кешке дейін таяқтың астына ала жүріп, тыным тапқызбастан жұмыс істетеді.  Сөйтіп, оның мүмкіндік шегін анықтайды. Мысалы, егер құл сол алғашқы күні 1 тонна жүзім жинаған болса, оның күнделікті нормасы 700-800 кг болып бекітіледі. Себебі, құл иленуші, сол заманның кәсіпкері ретінде, құлға оның мүмкіндігі шегінде күніне мың кг жүзім жината берсе бір айға жетер-жетпес уақытта оның зорығып өлетінен біледі. Ал бар-жоғы бір ай жұмыс ол құлды сатып алуға, жуасытуға, жуындысына кеткен қаржы-күшті ақтап үлгермейді. Сондықтан да құлға, оған кеткен қаражат-күшті ақтап және белгілі бір мерзім ішінде белгілі бір пайда-табыс түсіретіндей, салмақ (норма) салынады.  Әңгіме қылып отырған бұл мезгіл, әдетте, екі жылдың ар жақ бер жағын құрайды. Біреулер «неге құлға мүмкіндігінің сексен пайызы шегінде екі жыл жұмыс істеткенше мүмкіндігінің елу пайыз шегінде он-он бес жыл қызығын неге көрмеске?» деуі мүмкін. Мәселе мынада, ол заманның құл иленушісі тек қана кәдімгідей кәсіпкер, экономист ғана емес емес саясаткер, әлеуметтанушы да. Ол егер құлға елу пайыз мүмкіндігінде жұмыс істетсе, бұл құлда бос уақыт қалатынын біледі. Ал бос уақыты мен сарқылып бітпеген қуаты бар құл – қожайын үшін аса үлкен ықтимал қауіп. Әбден сағы сынған құл болмаса, ойлануға уақыт пен күш таба алған тіршілік иесі жоқ дегенде қашуға, қолдан келсе кек алып, өзінің де сол жердің де қожайыны өзі болуға тырысады. Сондықтан, тек экономикалық пайданы ғана ойлаймын деп құл иленуші өз өміріне қауіп төндіре алмайды. Жұмыстан кейін тамағын іше сала ұйқыға құлайтын идеал құлдың жұмысының идеал ырғақ/салмағы, түнгі ұйқысы, ішкен-жегені  оған ертең жұмысын жалғастыруға ғана жеткілікті қабылет беретін болуы тиіс. Әдетте, құл иленушілер ерекше бір қабылеттері бар, не шын берілген құл болмаса екі-үш жылдан соң ресурсын толық сарқып болмаған құлдардың өзінен де не өлтіріп, не барынша алыс жаққа сатып құтылатын болған.  Себебі, екі-үш жыл ішінде ол тіл үйреніп, айналасын зерттеп, бой үйретіп алуы мүмкін. Ал анау-мынаудан хабары бар, тіл білетін құлдың берер пайдасынан тигізер қаупі басым түсе бастайды.

Құл жасау мен оны жұмсау технологиясы ғасырлар бойы қалыптасып, шындалғанымен мәңгілік тұра алмады. Оның орнын қоғамдық қарым-қатынастың өзге формациялары басты.  Ол дәуірді келмеске кетті дейін десең, оның біраз элементтерін өз заманымыздан көріп ойланып қаласың. Егер бір елдің азаматтарының белсенді уақытының жартысынан артығы нан табуға кететін болса онда бұл қоғамда құлдық қауымның белгілі бір дәрежеде көрініс тапқаны болып саналады деп ойлаймын. Себебі, ондай адам ерікті не еріксіз түрде құл болып табылады. Ерікті түрде құлқынның құлы болғандарға обал жоқ әрине, бірақ бұндай ерікті құлдардың етек жайып, қоғамның кәдімгідей бір еленетін тобына айналуы ол қоғамның, бәрібір, құл иленуші қоғам екендігін көрсетеді. Себебі, дені дұрыс қоғамда бұндай ахуал қалыптаспауы керек еді. Ал белгілі бір дәрежеде құлға айналдырылғандардың стандарт режимі: жұмыс (әдетте, екі немесе одан да көп жерде жұмыс жасау), ұйқы және сауық деген құрамдас бөліктерден тұрады. Әңгіме, негізінен, үшінші феномен туралы болмақ. Бірақ, дегенмен, жұмыс туралы аз-кем сөз айта кетейін. Қазіргі қоғамда екі немесе одан да көп жерде жұмыс жасайтын адамдардың  үлес салмағы артып келеді. Бұндай жандар жайлы «үй көрмейді» десе де болады, оларды белсенді өмірінің 70-90 пайызы жұмыста өтеді. Әдетте, бұндай жұмысбастылық белгілі кәсіп өкілдеріне (мысалы, күзетші) тән болғанымен басы артық сағат пен кезекшілік іздеп түрлі мекемелердің арасында (не ішінде) шарқ ұрған мұғалімдер, медициналық қызметкерлерді, жұмысынан шығып таксист болып қызмет ететіндердің қарасы едәуір. Бұлардың бәріне ортақ дерлік бір қасиет - көп жұмыстарының бәрінде салыстырмалы түрде аз төленетіндігі және әрқайсының мойында өтелмеген несиенің болуы. Сөйтіп, құл иленуші дәуірдің құлы мен қазіргі заманның осы әңгіме болып отырған ортан қол мүшесі белсенді уақытының 80-90 пайызын амалсыздан жұмысқа арнайды.

Бұдан шығатын тағы бір қортынды: кез келген дәуірдің құлының белсенді уақытының 10-20 пайызы бәрібір жұмыстан бос қалады. Тіпті, ежелгі дәуірдің өзінде  бұл пайызды барынша барынша сығымдап, азайтқанымен оны мүлде жоқ қыла (қазір пайдалы әсер коэфициентін 100 пайызға жеткізе алмағаны сияқты) алмаған. Амал жоқ, құл иленушілерге бұл бос уақытты әртүрлі нәрселермен (әйел, құмар ойындары, арақ-шарап) толтыруға тура келген. Артынан бұл нәрселер сауық деген ортақ ұғымға біріктірілген. Шын мәнінде, құл иленушінің одақтасы болып табылатын бұл сауық құлдық дәуірдің ғұмыры ұзақ болуына көп еңбек сіңірген. Мен бұл жерде сауық деген ұғымды оның пайдасы жоқ уақыт өлтіру мағынасында қолданып отырмын. Құл иленуші құлақ кесті құлының мәдениет, саулық т.с.с. деңгейін көтеріп не қылсын. Ол құлдың бос уақытын барынша арзан дүниелермен (арзан күлкі, арзан да алдамшы ләззаттармен) толтыруға тырысқан.

Ал қазір солай емес деп айта аламыз ба? Қазіргі қоғамның орташа арифметикалық мүшесінің бос уақыты немен толтырылуда. Сол құл иленушілік құрылым кезіндегі арзан сауықпен емес пе? Бұл жерде «арзан» деген сөз сауықтың құнына емес оның береріне байланысты қолданылып отыр. Қазіргі сауық индустриясы  нәпсінің қалауын өтеуге келгенде алдына жан салмайды, стахановшылардың өзі тап бұлай жұмыс жасамаған шығар.  

Құл иленушлік құрылысты көру қандай да болмасын бір адамнан көру қате. Бұл - көптің ісі. Бірақ, сондай-ақ, құл иленушілік қоғам үшін жауапкершілікті ол қоғамның барлық мүшелеріне теп-тең қылып тағы бөле алмайсың. Кейбір жеке адамның құлдық қоғам үшін қосқан үлесі өзге ондаған мың және одан да көп адамдардың біріккен үлесінен көп болып шығуы да ғажап емес. Құл иленуші құрылыс үшін жауапкершілікке келгенде бір қарағанда бір-біріне қарама-қайшы болып көрінетін екі түрлі пікір бар. Біріншісі- бәріне адамның өзі кінәлі. Екіншісі – бәріне қоғам кінәлі. Мынандай мысал келтірейін: қыстың күні бір адам сыртта жүр екен делік. Оның тоңып қалмауы, бір жағынан адамның өзіне байланысты. Егер оның киімі жылы, қарны тоқ болып, қимылдап тұрса ол анау-мынау салқынға біразға дейін бой алдырмайды. Алайда, қоршаған ортаның температурасы аса суық та ығалды, желі өткір де күшті болса киімі қанша жылы болып, қаншалықты секеңдегенімен адам баласы ұзаққа төтеп бере ала ма? Сондықтан, меніңше бұл тақырып бойынша жауапкершілік деңгейі мен үлесі ішкі (тұлға) және сыртқы факторлардың (қоғам) қарым-қатынас прапорциясына тәуелді деп ойлаймын. Бойында құлдық қасиетттердің болғаны үшін пенденің мойнынан жауапкершілікті еш алып тастамамастан, оның қоғамның бір мүшесі, элементі екенін де ескеруіміз қажет. Мен бұл жерде «тұлға» демей «пенде» деген терминді әдейі қолданып отырмын. Себебі, «құл» мен «тұлға» деген бір-біріне антогонист категориялар.

Негізі, дұрыс мағынасындағы дін адамды құлдануға қарсы тұратын аса әлеуетті күштердің бірі болуға тиіс-ті. Себебі, дінге сәйкес адам тек – Құдайдың ғана құлы. Сондықтан, адамды құл жасауға ұмтылған күштің бәріне дін үзілді-кесілді қарсы шығуға керек еді, алайда, өкінішке орай, көбінесе, дін мен оның кәсіби қызметкерлері үстем таптың одақтасы болудан танбады. Адамдардың дінге деген сенімінен айырылуының себептерінің бірі осы болуы да мүмкін. Тек адамның рухына ғана одақтас болуы тиіс діннің адамзатты құлға айналдырушылардың құралына жиі-жиі айнала беруі өкінішті жағдай.

Құл иленушілік өркениеттің мәңгілік бола алмағанының себебі туралы пікірлер көп-ақ. Менің ойымша бұл жүйені құлатқан құл иленушілердің менеджерлік қабылетінің кемдігі де емес, құлдардың көтерілісі де емес (ол көтерілістердің ішінде жеңіске жеткен біреуі де жоқ), варварлар шапқыншылығы да емес. Тіпті бұл факторлардың азды-көпті әсері болды деп санағанның өзінде, ең басты себеп – шаруашылық жүргізудің бұл тәсілі тиімсіз болып шыққанында деп санаймын. Қорыққанынан жасаған еңбек ешқашан жасампаз бола алмайды, сондықтан оның орнын аз да болса ақысына қызығып жасаған, сондықтан берері көп жалдамалы еңбек басты. Бар болғаны сол ғана. Өркениетті елдер оның тиімсіз екенін біліп, біртіндеп бұл формациядан бас тартты. Ал құл иленушілік бұрын-соңды тарихында мүлде болмаған, яғни одан сайын өркениетті елдердің аумағында ХХІ ғасырда бұл формацияның қайтадан бас көтеруі – мүлдем ақылға сыймайтын феномен.

Қазір құл иленушілік құбылыс түп-тамырымен жойылып кетпегені былай тұрсын, ол көп ғасырлардан соң әртүрлі бейнеде, тіпті бұрынғысынан да сорақы формаларда  көрініс таба алды. Сонымен, қазіргі азаматардың біразы, тұп-тура мағынасындағы күнкөріс үшін, барлық күшін сарқа дерлік құл секілді жұмыс жасауға мәжбір, олардың қалған-құтқан бос уақыты сауық индустриясының өнімдерімен толтырылады. Бұл жерде ол өнімдердің нобайы шетелдік екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, ақпарат кеңістігінің де бізге дос пиғылды деп атауға келмейтін жатжұртыкі екені де еңсемізді одан сайын езе түседі. Жеп отырған тамағының жоқ дегенде жетпіс пайызы табиғи деп атауға келмейді; тап-таза зиян алкоголь, табак, т.с.с есірткілерді былай қойғанда, жасанды жолмен өндіріліп, жасанды жолмен ғұмыры ұзартылған, бақа-шаян/құрт-құмырсқаның гені қосылған ГМО өнімдер құл жасау ісіне өзінің үлесін қосарын сөзсіз. Рухани да, нәпсәни ішкен-жегеніміз ұқсамаса азат адам болуға деген мүмкіндігіміздің азаятыны айтпай-ақ та түсінікті. Мен қара аспанды төндіріп, қазіргі заманның Асан Қайғысы деген атаққа ұмтылып отырғаным жоқ. Бар болғаны, бір мезгіл «мен не жеп жатырмын?!», «мен не деп жатырмын?!» деп өз-өзімізге үңіліп, сол «ішкен-жегеніміз құл болудан алыстата ма, әлде жақындата ма» деп ойлануға шақыру ғана.  (Күн көруге деген ұмтылыс табиғи заңдылық қой, тек сол «күн» деп жүргеніміз, шыныменен күн бе соны да ойланып қойса деймін)

Құл болғым келмейді!...

Нұрлан Сәдір

Abai.kz

16 комментарии 6699 просмотров Опубликовано: 13.03.14
    • #1
    • аман токин
    • сб, 12/04/2014 - 18:46

    нуреке рахмет тура жазыпсынг...

    • #2
    • Мафруза
    • жм, 18/04/2014 - 19:34

    Ойландырар нәрсе екен.Мықты жазыпсыз.

    • #3
    • Апай пікірі
    • жб, 01/06/2014 - 2:29

    Жер бетінде құл болғысы келген адам жоқ шығар, тек Құдай алдындағы құлшылықты парыз деп санасақ, ал басқа уақыттағы жағдайда,айталық,капитализм жүйесін де адамды қанау стадиясының ең жоғарғы стадиясына жақындау процесі емес пе??Тағы да адам баласына тән зорлыққа шыдамағандықтан,революцияның құр сөзбен стахан құлдары да болып көрдік..яғни қызыл пролетариат диктатурасы қандай болғанын біздің тарихымыз көрсетті емес пе.. ? Барлығы Адам үшін жаратылған қасиетінен айырылып,бір тұтас шеңбер өміріне айналған өмірді бұл философтар атам заманнан ғылыми жұмысында бұл айырмашылықтар қайталана береді деген екен..атауы ғана өзгерілгенімен идеал,реал түрінде болсын Кант пен Гегельшілдер де айтқан бұл өмірдің атауы өзгеше болғанмен ,бәрі бір адам баласының бір біріне құлшылдығы қайтып келіп отыратын,бір біріне тәуелділігі бар табиғи процесі деген.Ал физиктер квант теориясы бойынша ,барлық адамзаттарды Жер бетіндегі энергетикалық көзі деп санап, олардың энергиясы плюс минусқа өзгеріліп, ,тартылып,тебіліп отырып энергетикалық күш береді екен.. яғни адам баласы өндіргіш күштердің бір элементі ғана деп айтылады квант механикасында.. Міне осыдан келіп,жұмысшы-орындаушы яғни тұрпайы сөзбен айтқанда құл..және реттеуші күш эксплуататор болып бөліне береміз..Бірақ атауларымыз басқа болғанымен сіз бәрібір күнелту үшін сахнаға шығу әсерін құлшылдықпен терлеп,тепшіп жаттап,түн уйқысын бірнеше рет бөліп отырарсыз міне осы..Ал болмаса,мұрныңыздан су ағып, гриппоз ауруына шалдығасыз сол құлшылық амалынан..Байқайсызба орта ғасыр жүйесіндегі өзгешеліктерде қайтып келуде сол шеңбермен айналып келуде,,және де революция да қайтып келуде ,тек басқа аттармен,тіптен ұлтшыл дәстүріңізде айналып келді, Бірақ бал арасындағы реттілікті есеппен дұрыс жасаған бал арасындағы уяда бал көп болады екен. Ендеше құл болмаймын, бірақ эксплуатироваться могу дегеніңіз ғой сіздің мораліңіз.. Дегенмен бұл системада да жақсы өмір сүруге болады,айқындықпен де,саналықпен де,шындықпен,денсаулықпен де дос болу үшін тағы білім,біліктілік,рухтылық жолы бар.Кім қолымызды ұстап,қақпайлап тұр!!??.Білім амал болса бәріміз ге тамаша амладар табу жолы ашық екен ..Еш болмаса адам құлы болмайсыз, өзің суйіп жасаған жұмыс себебі шығармашылық жұмысқа айналып, құлшылдық емес таза шыңы бар,қызығы бар,стимулы мол саналы жұмысқа айналады..Себебі құлшылдық жұмыс зоршылдықпен жасаған тірлік болса,.. сондықтан да машина айдауға да білімді адамды отырғызады..Ал синтетикалық продукцияның табиғи продукциясынан айырмашылығы жоқ заман болса қазір, себебі баяғы уақыттағы Орда деп жүргеніміз кәзіргі кішкене ғана қала болған екен сан жағынан. Халық саны мөлшерден көп болғандықтан ,барлығын асырау заман парызы болып отыр қазіргі тірлік... Қытайды алайық жүйесі әлі социализм.. аталуы әлі басқа болғанмен бірақ уйымдасқан, ерінбейтін ,көп оқитын,көп тоқитын,санамен ғана,шындықпен ғана жұмыс істей алатын халық,олар жұмысын құлшылдық емес деп түсінетін себебі ..шығармашылық жолда ғана болып отырады,кішкене баласы да білім жағынан бізден ғасыр жолда алда .. Себебі құлшылдық деп санамай жан азығының ең жоғарғы амалы- рухтылы азығы деп санайды,ол тірлігіне әрине қуана біледі екен ондай адам..Біздер айтқан қарапайым ретті құлшылықта бол са да.. себебі бір нәрсені ойлап табу үшін құлшылдық жасамағанда не істейсің.. сақинаны бұра салмайсың ғой,кілемге отыра салмайсың ғой ұшу үшін. міне осы квант заңы ма ,философия ма дұрыс айтқаны.. Философияда, рухтылық білімдер деЖер бетінде бәріміз уйрену үшін,еңбектену үшін келген шәкіртіміз деп тек әдемі түрде айтады ... Ал құл деген баяғы сөз тұл болған қазір..Жұмысты қызығып еңбектенген адам біреуге құл емес,өз нанын саналықпен,жан уясына тауып жатқан адам-самұрық құс іспеттес болса да ,ол жоғары көз қарасқа тұрарлық адам..Бірақ бәрібір Құдірет күшіне шындықпен қарап ,көніп иіліп жүрсең ғана..

    • #4
    • тағы да жан ашыр пенсионер апай пікірі
    • жб, 01/06/2014 - 13:44

    Жерде өмір сүру үшін адам баласы келді дейік сонда неден басталады ,құл болмай ,жатып ішетін уақыт неге әлі жоқ.. дейді бір жолаушы?. Ол жағынан жауап алатын әлем жаратылысы кітаптары бар,содан алу қажет болар барлығыңыз ға дедім. Барлық өмірдегі материялар, сана, еңбек ж.т.б. миллиард бағытында дамып өзгеріп отырса,тіптен кішкене өзен қыбырлай жүре ,өз орнын тауып көлге айналса келе -келе жер беті де өзгере береді,әрбір жаны жоқ, жаны бар заттар да өз орнын тауып ,кірпіш болып эволюция арқылы, өмірдің іргесін жаңарта береді,тағы шексіз жаңарта түседі,Сондықтан да құлдық- тәуелділігі де қазіргі заманда жаңартылған түрге түрленгені .. Бұл заңдылықты өзгерткісі келген адам мен бірге біразда болса қызығын 70 жылдай көрдік,одан аспады,жоғарыла алмады.. Сондықтан да қазақ халқы асықпайтын халықпыз.. Және де, қазірше ұлтымыз көбейсін деп тарих,философия, күшті ғылыми тілі бар ж/е басқа бай теориясы бар ,өндіргіш күш болуымызға күш беретін ,түсінуге ауыр болса да тіл мен -ақ қазіргі уақытта көбейте отырған, балаларымызды қалай асырауымыз тиіспіз деген мәселе болып отыр..Санымыз аз болғандықтан да,ауылдық балалар да қазір сондықтан да күшті ресурстар болуы тиіс,тек қана қала баласы болмай-ақ. Сондықтан да оларға үйрету мәселесінде өз тілінде болғаны оңайырақ болуда,себебі уақыт қысып барады,әрі этникалық правомыз бен көптеп көбеюіміз дұрыс... Ауыл балалары мен қала жастары бірге құрылып,үлкен материалды,ж-не рухтылы ,сапалы,саналы күшке айнала алар едік..Тілді білу бір басқа, оны негізгі ұлттық күшіне айналдыру үшін, барлық жағынан пропорцияда бірқалыпты өсіп отыруы тиіс..Себебі негізгі күшке тек ұлт қана жатпайды ғой ,олар басқа тілдегі ұлттар, еңбек құралдары,техника ж/неғылым ..Санымызды,санамызды көбейту мақсаты әрине орындалуда,құба құп.. Оларда бізбен бірге болуда,өз жеріндей көріп,Әлі де құдай берген санамен материалдық күшіміз саны жағынан өзімізге лайықты болуда .. Есептеу мен,нарықтаудан да, болмаса сол еңбекпен табудан да еш жерге барып қашып құтыла алмайсыз ғой,қай жерге бармасаңызда..Ол күшті,нақтылы заңдылық ,,Себебі,барлық қатынастардың бейнесі, түйіндері тек қана АДАМ..Адам ақиқатқа сиымсыз өндіріс күші бола отырып , неге бір бірімен қас болады..Себебі есебі жоқ бір мамандықты шығара береміз, жыл сайын өзгеріп,дамытылып отырған жоқ дейді бір ғалым Россияда..Бірі тіптен керек болса, екіншісі тозығы жеткен болады..Екі дипломы бар адам әйтеуір күнін көреді, бірақ басқаның жолына тосқауыл болады депті тағы бір ғалым..Ар жағын өздеріңіз біле беріңіздер..Мен баламды махаббатпен- ақ толтыра берейінші дегеніңіз әрине дұрыс статистика. Оған экономистер де ,сіздер де,басқамызда қарсы болып жатқан ешкім жоқ ол БЕЙБІТШІЛІК символы әрине..Барлығымыз оқымысты болмай -ақ таза еңбегіміз бен- ақ өмір дәйегін тапсақ болғаны емес пе.. Адам баласына берілген қасиетті амалды-еңбекті құлшылық теориясына айналдырсаңыз,/қайдағы адырам қалған алғашқы теорияны, барлық ел жер бетінде жаңартып оған да дұрыс заңдылықтар бекітілген алда қашан, Құлшылық-деген адам энергиясын, ол бейнені өмірге,мамандығына қызықтырмай-ақ,зоршылдықпен, тегіндікпен қанау деген сөз, ал үкімет сізге барлық өнерге,еңбекке қызықтырып,оқытып отыр ғой ..Сіздің жеке басты өміріңіз Құдіреттен емес ,қоғамның артта қалған жеке меншікті иеленген құдайы жоқ адамға құлшылықта, тәуелді болғаныңыз.. /.. ондай адам барлық мемлекетте тиісті жазасын алады,себебі басты капиталистке белсенділігі жоқ аз ақша тисе ондай қанаушыдан,ал адамды тең көрмейтін,өте пәс,өте турышылдығы жоқ,құдайсыз жүрген жеке меншіктілігі болғанымен,өмірден қалық адам ғана ол адам... өзінде басқаны да сорлататын процессті жалмауыз адам... құдайға шүкір ондай мәңгүрттік бізде кездеспес болатын шығар.. Міне осыдан барып жалданған,жалданбаған деген ұғымдар,бір бірінежатсынған ұғымдарды көбейтіп,санамызды қазіргі адамдарша емес бұрынғы эволюциядағы адамдарша уландырып отырған дар бар болуы мүмкін,бірақта.ондай адамдардың жұмысын алдын-ала келісімсіз алмау керек..Келісім шарты сіздің құл емес екендігіңізге зор дәлел .Ондай соқпақтардан шыға аласыз..Себебі бұл жердегі дүние,барлығымызға алдымен адамзатқа керекті заттары-дүниесі,адамның болашақ дүниесі-оның адал ниетті қызметінің жемісі болып бөлінген...Яғни, адам дүниені өзіне жаратумен бірге , өзін де -жаңартады ,,оның жасаған қызметі,алдымен өзін дамыту,жетілдіру қызметінің процесі болғаны,қалғаны,тоқ етері балаларыңды асырау процесі ! Адамдар еңбектің мәнін аша отырып,өзінің шығармашылық қабілетінің мәнін,дарынын ашады екен. Ондай болса,тарихта жетіле отырып ол да өзі адамзат заңына,тарихына айналады екен..№Сондықтан да ,өкпелемей -ақ,осындай өзінің шығармашылық жұмысын мағынасын мәнін таза күйінде түсініп отырса, елдің барлығы,неше түрлі салалар көптеп ашылып,,қызмет тарихында қоғамның барлық жағының белсенді жаршысы,жаңа адамы болып отырып,оны жасаушы субьектісіне айналады екен...Құлдық болмасын, деп жеке меншікті де құртқызды өткен дәуір.мемлекетілікке айналдыру жүйесі, сол дәуірде де-адамдарға құлдылықтан басқа ешнәрсе алып келген жоқ екен..Сондықтан да әлі біз түсінбеушілік қалыптамыз..Ол үшін меншіктің барлығын жандандырып,оларға жол беру,яғни күшті еңбек ету..Барлығымыз кейбір азғырушы элементтердің айтқанын тыңдап, қана жүре берсек,сана сезімнің кеңеюі түгілі,байлық көзі -еңбектің ұлттық тәсілін ,қалыптасқан қадірлі тәсілін, көптеген бай тәжрибелерімізді ұмытып,еңбек істемей әрине өзің жөндітаппайтын қалге келіп,қазына ақшасы шашылады..Жұмыс болса егер асымыз, барынша барлығымыз еңбектің ауырлығынан жиренбейуйрене беріп,қиыншылықты бірге жеңе білуіміз керек екен ғой,құлшылдық демей..№№№

    • #5
    • Полатбек Жанбаев
    • сб, 14/06/2014 - 16:45

    Бәрі де рас жазылыпты.

    • #6
    • Гулдана
    • сн, 20/08/2014 - 10:23

    Керемет жазылған мақала. Рақмет.

    • #7
    • наурыз
    • жб, 22/03/2015 - 13:48

    бір алланың алдында біз құлмын, құлшылықтан құдай сақтасын кімнің құл болғысы келеді құл қылам дегенді алла тағалам қарап тұр ғой сол кісі шешсін

    • #8
    • Ауыл қазағы
    • жм, 22/05/2015 - 17:02

    Керемет автордың не айтқысы келгенің түсінікті бәрі өте дәл айтылған қоғамда құл иеленушілік құрылысқа жол бермей адамға адами көзбен қарап оған демалуға уақыт беру керек оның рухани жетілуіне жол беру керек тобыр қоғам керек емес

    • #9
    • Қажы Мұқамбет Қаракедей
    • дн, 06/07/2015 - 14:00

    Ораза деген ырзық қой
    Құдай үшін құлдық қой
    Терең бойлап жанына
    Көңіл бөлер Раббыға
    Күні-түні бір тынбай
    Тірлік болды сұрқылтай
    Періште мен жер-көкті
    Сәжде етуге əмр етті
    Неге десең бұл жерде
    Керек көрді бір пенде
    Орынбасар боларға
    Құдайды алып назарға
    Жаратты ғой Ол ештен
    Жарат болмас деместен

    • #10
    • Оразаларыңыз қабыл болсын!!
    • бн, 09/07/2015 - 18:27

    Тамаша!! ДӨП айттыңыздар!! Барлығыңыз!!!Оразаларыңыз оңды болып, қабыл болсын бәріңіздің !!!!

    • #11
    • Антиқұл
    • сс, 04/08/2015 - 9:41

    Нағыз құлдар бұрыңғы партократтар ғой. Олар Кремльдің құлы болды. Және солай болып қалды да. Құл қанша бастық болғанмен құл күйінде қалады. Себебі ұлттық аймақтан Кремль мансапқор, атаққұмар, таққұмар, қатынқұмар, т.е. нәпсіқұмар, байлыққұмар. дүниеқоңыз, мансабы үшін әкесінің өлігінен аттап кететін сұмдардан кадр таңдаған. Олар ләппай деп кез - келген бұйрықтарды екі етпей орындаған. Сырты өзгеріп қазір демкрат боп жүргенмен заты өзгермей патократ - құлдар күйінде қалған. Қазір сол құлдарпдың билігінің кесірін халық тартуда. Оның ең анайы көрінісі ресейдің қазақ жеріндегі 7 сынақ полигоны мен 3 космодром - ракетадромдары....

    • #12
    • Сұмдық
    • сс, 04/08/2015 - 9:43

    РОСКОСМОС: СЛЕДУЮЩИЙ ЗАПУСК РН «ПРОТОН-М» СОСТОИТСЯ 28 АВГУСТА 2015 ГОДА
    29.07.2015 11:09
    РОСКОСМОС после реализации ГКНПЦ им. Хруничева мероприятий по устранению причин отказа двигателя третьей ступени, в результате которого 16 мая 2015 года произошла авария ракеты-носителя (РН) «Протон-М» со спутником «МекСат-1», принял решение о возобновлении запусков данного типа РН.
    Очередной запуск РН «Протон-М» с европейским космическим аппаратом Inmarsat-5F3 состоится 28 августа 2015 года.
    Межведомственная комиссия по расследованию причин аварии РН «Протон-М» 16 мая 2015 года пришла к выводу, что причиной нештатного завершения полета стал отказ рулевого двигателя 3-й ступени из-за повышенных вибронагрузок, вызванных увеличением дисбаланса ротора турбонасосного агрегата (ТНА).
    Пресс-служба Роскосмоса

    • #13
    • Тарихшы
    • жм, 07/08/2015 - 13:26

    Философтарды ұмытпаңыз, қоғамдық ойды қалыптастырып халыққа таңдау жасататын солар.

    • #14
    • жанашыр аға
    • бн, 17/09/2015 - 20:57

    Қоғам қалыпты дамуы үшін адамдар өзі атқара алатын қызметпен айнылысып-еңбек ете алатындай жағдай қалыптасуы керек. Бұл - кез келген мемлекеттің ең басты міндеті. Әрине, адамның қоғамдағы өз орынын табуы - қиынның ең қиыны.Өйткені әр адамның талабы мен талғамы оның тәрбиесі мен білімінің дәрежесіне сәйкес келе бермейді. Бір ойшыл айтқан екен;"Я всю жизнь, изживал из себя - раба" - деп. Сондықтан, "құлшылық жойылмай отыр"-деп, қара аспанды төндіргеннен гөрі, ғылым мен ілімнің, дәстүрлі еңбектің озық үлгілері жолын меңгере отырып еңбектенудің жолын қараған дұрыс. Бұл ретте, мемлекетіміз дұрыс саясат ұстанып отырғанын мойындауымыз керек. Әсіресе, "Болашақ" бағдарламасы, үш тұғырлы тіл мәселесі /қазақ тілі өгей болмаған жағдайдағы/, бітпей жатса да білім саласының реформалауы қазіргі жаппай жаһандану заманында ауадай қажет. Егер, біліктілігің жоғары болып, жеті жұрттың тілін білетін болсаң күні-түні аз жалақыға жалданбай-ақ, қазірдің өзінде дүниенің кез-келген бұрышынан ылайықты жалақы алатын жұмыс табуға еш кедергі жоқ. Ондай қызымет жасап жүрген жастарымыздың қатары өсіп келеді. Иә, қолыңнан келсе несиені ішіп-жеуге, не той жасауға алмай, қайтарымы болатындай өз ісіңді ашуға жұмсап, содан кейі барып, жағдайыңа қарай игілігіңе жұмса. Бұның бәрін тек мен емес- жұрттың бәрі біледі, бірақ, қолға алуға тәуекеліміз жетпейді! Сосын барып, басшыларды ұрсамыз, не ақылды да мырза біреу келер, мырғамға батырар деп үміттенеміз. Ал,көптеген қызметкерлер отбасылары және балаларын тәрбиелеу туралы ұмытып демалыссыз жұмыс істейді.Иә, қолданыстағы Еңбек кодексінде үстеме жұмыс үшін төлем біржарым есе мөлшерде белгіленген. Сондықтан да, қызметкер бұл жағдайға қызығушылық танытады, бірақ бұл онша дұрыс емес, мұндай жұмыс сирек болу немесе мүлдем болмауы керек. Егер қызметкер тиісті сегіз сағаттын орнына күн сайын 9-10 сағат жұмыс істесе, онда мемлекет бұлай қызметкерлердің өз денсаулығына зиян келтіріп жұмыс жасау түрлерін көтермелемеу керек.
    Өз жұмысыңды мерзімінде және сапалы жаса, сонда үстеме жұмыс жасау қажеттілігі болмайды.
    Артық жұмыс жасау бұл жалқаулар мен білмсіздердің үлесі. Жалпы барлық жұмыс уақытында орындалуы тиіс. Қауырт жұмыс кезінде ғана жұмыс беруші әлдеқайда көтеріңкі төлемді ұсына алады және келісу немесе келіспеу қызметкердің құқығы болғанда ғана, ол өзін құл ретінде емес, еркін азамат ретінде сезіне алады және уақытын өзінің рухани бйытуына жұмсауына мүмкіндік алады.Мүгедек денсаулық жағдайы бойынша белгілі жұмыс орнын алады және бұл жұмыс орны қайтарым беру керек, бұл орынға ол болмаған кезде уақытша ешкімді жұмысқа ала алмайсың. Егер де біз, мүгедектер өздерін кемсітуді сезінбесін десек, оларды толық түрдегі нағыз қызметкер деп санауымыз керек. Мүгедектер үшін демалыстың зор ұзақтығы көзделген кезде жұмыс беруші оларды жұмысқа алмауға барлық жолмен тырысады, сондықтан демалыс ұзақтығы жалпы алынғаннан аспауы керек.
    Егер медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек қалыпты жұмыс ете алса, онда қандай қосымша демалыстар қажеті болмақ?

    • #15
    • Төре
    • дн, 18/01/2016 - 21:27

    Айтуындай айтылуда, бірақ тыңдайтындай құлақ жоқ. Айтушыдан-тыңдаушы күшті болу керек, сонда ғана нәтиже болады.

    • #16
    • нұрпейіс
    • сс, 10/05/2016 - 17:08

    //7 наурыз- құл болуды немесе болмауды тек халықтың өзі шешеді. Осы сирия мен Ирак халқының 95%мұсылмандар емеспе еді?! Ауғаныстан мен Ливия тағы бар. Қазіргі таңда не болып кетті, оларға, босып жүрген жоқпа?! Осыны неге айтпайсыңдар! Айналып келгенде, өз елінде құл да бола алмай, жәй құқтары шектелген босқын болып шыға келді. Және, өздері жек көретін европалықтардың, "кәпірлердің" ботқасын (доңыздың еті қосылған) ішіп жүр. Кімдер кінәлы, өздері кінәлі. Сондықтан , орыстың мақалы "На бога надейся, но сам не оплошай"- дегені дөп келіп тұр ғой. Қатты діншіл болмаңдар!

Пікір қосу

  • 7 + 35 =

Вход